«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

IT Meetup Kazakhstan технологиялық конференциясы өтеді

2017 жылғы 11 Сәуір
- Алматы қаласы
5915 просмотров

«Атамекен» ҰКП Стартап және IT-экожүйесін дамыту кеңесі мен MOST бизнес-инкубаторы Алматыда IT Meetup Kazakhstan технологиялық конференциясын ұйымдастырып отыр

IT Meetup Kazakhstan – бұл IT-кәсіпкерлік саладағы барлық негізгі ойыншыларды, яғни табысты компаниялар, белгілі стартаптар, бизнес-инкубаторлар, интернет-қауымдастықтар, технопарктер және мемлекеттік институттарды біріктіретін технологиялық конференция. Бұл шара Қазақстандағы табысты стартаптарды дамытуға көзделген және осыған қатысты барлық мәселелер спектрін қамтиды.

Қоғамдастық күшіне сенгендіктен IT Meetup Kazakhstan шарасын өткізіліп отыр, себебі бірлесіп жұмыс атқарылғанда Қазақстан табысты елге айналады.

Қазақстандағы IT-нарық туралы негізгі сандары, ұсыныстары, қорытындылары және орта есепті болжамдары көрсетілген тұтас қамтитын және объективтік есеп конференцияның қорытындысы болады. Есеп Астанада ұсынылады.

Конференция форматына дөңгелек үстелдер, интерактивті баяндамалар және дәмді кофе мен түскі ас басындағы формалды емес нетворкинг кіреді.

Бағдарлама IT-білім беру, бизнес-періштелер, технопарктерді дамыту атты 3 тақырыптан тұрады:

Алдын ала дайындалған сандар болмайды – ұйымдастыру комитеті қатысушыларды баяндамашы беретін ақпараттың пайдалылығы мен көкейкестілігіне сүйене отырып таңдайды.

Қатысу тегін, бірақ шақыру бойынша ғана. Мына сілтеме арқылы қатысу үшін өтінім беру керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdsQHZU74wHMm423C6H-g3ohFyvZ1tEwfbq3Jlh8tl4rmSYxw/viewform?c=0&w=1&usp=send_form

Өтетін уақыты мен орны: 14 сәуір, 2017 жыл, сағат: 14-00, Алматы қаласы, С.Сейфуллин даңғылы, 506 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы), «Rixos Алматы» қонақ үйі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер