«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы I Азаматтық бастама конгресі өткізіледі

2017 жылғы 14 Наурыз
3305 просмотров

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінде 2017 жылдың 15 наурыз күні сағат 15:00 де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы I Азаматтық бастама конгресі өткізіледі. 

Конгресс мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі мен ҚР Азаматтық альянс кеңесі және  ҚР ҰКП «Атамекен» бастамасымен өткізіліп жатыр.

Конгресс жұмысына  парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, азаматтық сектор мен кәсіподақ ұйымдары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында агенттік пен азаматтық альянс және ҚР кәсіподақ федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланады.  Сонымен қоса, «Десять шагов в превенции «коррупции на дорогах» атты проект көпшілікке таныстырылады.

Өтетін күні мен орны: 15 наурыз, 15:00  Астана қ. , Абая 33а к-сі , Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің ғимаратында.

Тіркелу үшін мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7(7172)753026, 75-34-31, 75-33-42, (эл. адресу: adgspkrk@gmail.com), 87470011604, +7 (7172) 266 526; +7 701 250 67 50, info@bigname.kz,  «Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер