Ақтөбеде бақылау-қадағалау органдарының бизнес алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді
2025 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қ. Жұбанов атындағы университеттің Жастар сарайында (Ақтөбе қ., Ә. Молдағұлова даңғылы, 34) бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлер алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді.
Бұл – кәсіпкерлік өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы жыл сайын ұйымдастырылатын ашық диалог алаңы. Іс-шара барысында кәсіпкерлер өзекті ақпаратты тікелей алып, маңызды мәселелерді талқылап, бизнес пен билік арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.
Іс-шараның басты мақсаты – бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастығы мәселелерін талқылау, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және міндетті талаптарды бұзушылықтардың алдын алу.
Қатысушыларға ұсынылатын бағыттар:
-
міндетті талаптар мен заңнамадағы соңғы өзгерістер бойынша түсіндірмелер;
-
мемлекеттік органдардың тексерулер барысында анықталатын жиі кездесетін бұзушылықтар туралы баяндамалары;
-
мамандарға тікелей сұрақ қойып, кәсіби түсініктемелер алу мүмкіндігі.
«Бірыңғай есеп беру күні» – ашық диалогты дамытуға, әріптестік қатынастарды нығайтуға және өңірдегі кәсіпкерлік ортаны жетілдіруге ықпал ететін маңызды алаң.
Ақтөбе облысының барлық кәсіпкерлерін аталған іс-шараға белсенді қатысып, бизнес пен мемлекеттің тиімді әріптестігін дамытуға өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: