«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе халықаралық әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды

2021 жылғы 11 Маусым
- Ақтөбе облысы
7192 просмотров

Алгоритмдерді реттеуге Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары көмектесті.

Енді Ә. Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайына тек "Ashyq" қосымшасы бойынша кіруге болады. Әзірге ол тесттік режимінде жұмыс істейді. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, әуежай бір аптадан кейін жобаның толыққанды қатысушысы болады. Терминалға кіру тек жасыл немесе көк мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі. "Қызыл" мәртебесі анықталған тұлғалар үшін арнайы бөлме қарастырылған. Нысанда санитарлық дәрігер жұмыс істейді.

"Әуежай терминалдарының кіреберістерінде QR-коды бар тақтайшалар бар. Әрбір келуші оны сканерлеп, тексерушіге ұсынуы керек. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл күйлерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді. Біз әуежай Әкімшілігімен толық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік және алгоритмдерді пысықтауға көмектестік. Кезектерді болдырмау үшін халыққа "Ashyq" қосымшасын алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз. Естеріңізге сала кетейін, сіздің мәртебеңізді өз бетіңізше немесе ashyq.kz сайтынан QR-кодтың көмегімен тексеруге болады  немесе мобильді қосымшаның өзінде "Профиль" қосымша парағында", - деп хабарлады Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов.

Әуежайда бақылаудың жаңа жүйесін енгізуге байланысты әбігерге салынып жатқан адамдарды Палата қызметкерлері келген кезде байқамады. Жалпы, адамдар коронавирустың таралуын шектеу үшін қабылданған шараларды оң бағалайды.

"Мен бұның бәрің дұрыс деп санаймын. Қауіпсіздік бар, қызыл немесе сары мәртебе көрсетілген кезде адамдарды сау адамдардан бөлек алшақтатады", - деп келіседі көпшілік.

Айта кету керек, 12 жасқа дейінгі балалар әуежайға шектеусіз жіберіледі. 12 жастан бастап жалпы ережелерге сәйкес.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында Ashyq сәуір айында енгізіле бастады. Жоба covid-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен жұмысшыларды қорғауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR коды мен ПТР-дің жалпы базасымен интеграцияланудың арқасында қосымша келушінің мәртебесін анықтайды: ол вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па.

"Қызыл" мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үй оқшаулауының қатаң режимін сақтауды білдіреді. "Сары" - қозғалыстың ішінара шектелуі, яғни пайдаланушы ПТР деректер базасында байланыс ретінде белгіленген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. "Көк" - Бұл мәртебе үшін ПТР міндетті болатын жерлерден басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ. "Жасыл" мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда covid-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

11 маусымда алынған мәліметтерге сәйкес, аймақта барлығы 19 "қызыл" мәртебесі бар тасымалдаушылар және 59 "сары"мәртебесі бар адамдар табылды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 442 кәсіпорын "Ashyq"жобасының қатысушылары болып табылады. Оның 322-сі тұрақты негізде. Тізімдер күн сайын Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында жаңартылады.

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер Палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауды жалғастыруда. Ashyq қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7132) 744-607, 744-608, 744-602, 744-611.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер