«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес өкілдері экологиялық бастамаларды қолдайды

2019 жылғы 20 Қыркүйек
8509 просмотров

Ел аумағында күн сайын сан алуан  және түрлі қалыңдықта шамамен 15 млн дана полиэтилен пакеті пайдаланылады, олар соңында қоқысқа тасталады.

 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша полигондарға келіп түсетін қатты-тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінен 11,2%-ды, полиэтилен пакеттерін қоса алғанда, полимерлер (пластмассалар) құрайды. Экология министрлігі полиэтилен пакеттерін қысқартуды ұсынды.

 Шараларды әзірлеу және жүзеге асыру Министрлік, «Атамекен» және Қазақстан экологиялық кәсіпорындар қауымдастығы арасында Полиэтилен пакеттерді пайдалануды кезең-кезеңмен қысқарту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өтеді.   

«Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, және сәйкес тәсілдер қолданылатын болса, пластик деңгейін 30%-ға қысқарта аламыз. Бұл жоба ерікті сипатта орындалады, біз желілермен кездесіп, полиэтилен пакеттердің зияны туралы айтамыз», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

 Бүгінде полиэтилен қаптаманың басым бөлігі Қытайдан әкелінеді. Жергілікті өндірушілер көршілердің бағалық саясатымен бәсекелесе алмайды. Алайда Қазақстанда шамамен 9 компания полиэтилен пакетін өндіреді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, полиэтиленнен кезеңмен бас тарту үшін мемлекетке жұмыс істеп жатқан зауыттарды қолдап, кәсіпорындарға инвестициялар салу қажет.

 «Бизнес-қоғамдастық өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуде. Салық төлейді, жұмыс орындарын құрады және экология мен денсаулықты сақтау мәселелерін көтереді. Кәсіпкерлер аталған мәселенің маңыздылығын түсініп отыр, бірақ бізге бұл мәселеге кешенді кірісу керек. Кейбір супермаркеттерде пакеттер ақылы екенін байқадық, кейбір желілер эко-пакеттерге өткен. Бірақ жергілікті өндірушілерді өткізу нарығынсыз қалдырмауымыз керек. Аталған меморандум бойынша жұмыстың негізгі бағыты қаптаманың био жолмен ыдырайтын және баламалы түрлері өндірісін ынталандыру жолдарын қарастыру», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палата жаңа экологиялық кодекс қатаң шаралармен қатар «жасыл экономиканы» дамытушы бизнесті ынталандыруы қажет деп санайды. «СП Ұлы Дала» ЖШС отандық компаниясы крахмалдан пакет шығарумен айналысады. Әлеуметтік кәсіпкер Мирас Аббасовтың айтуынша, мұндай пакеттер полигон жағдайында 3 ай ішінде ыдырап кетеді. Алайда мұндай пакеттің құны – 30 теңге, бұл әдеткі 5 теңгелік полиэтилен «маечка» пакетінен қымбаттау.

 «Пакеттеріміз өсімдік қанттардан тұрады және толық ыдырап кетеді. Әзірге кәсіпорын 10%-ға ғана жүктелген және айына 500 мың пакет өндіреді. Жоғары құнның салдарынан өнімнің үлкен көлемін Украина, Қырғызстан және Ресейге экспорттаймыз. Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстанда оксо-пластиксіз пакеттерді бір-екі сауда орталығы ғана қолданады. Пластик қоршаған ортаға тұрақты залал тигізуде», – деді кәсіпкер.

 «Атамекен» меморандум шеңберінде полиэтиленді кезең-кезеңмен алмастыру мақсатында экологиялық қаптаманы қолдау механимздерін әзірлейді.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» компаниялардың экологиялық және ресурстарды үнемдейтін жобаларын қолдау мақсатында «Жасыл кәсіп» бастамасыз қолға алды, онда Ұлттық палата «жасыл» экономика принциптерін сәтті жүзеге асырып жатқан кәсіпорындар туралы айтып, осындай бастамаларды белсенді қолдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер