«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Пайдалы ақпарат

Маңғыстау  облысында АИТВ/ЖИТС  бойынша эпидемиологиялық  ахуал тұрақты, алайда  облыстың  бүкіл  аумағына   таралуының өсу бағыты  бар.  1994 жылдан бергі өсіммен 30.06.2018 жылдағы  жағдай  бойынша облыста АИТВ-жұқтырылғандардың 294 жағдайы   анықталды.Аймақ бойынша:Ақтау қаласында -165жағдай, Мұнайлы ауданы – 19жағдай, Жаңаөзен қаласында-7, Бейнеу -2, Түпқараған -5, Қарақия ауданы-3. Өзге облыс тұрғындары- 12, шетел азаматтары- 81. АИТВ-жұқтырылғандардың  қатарынан 72,4% - ер азаматтар . Жұқтырылғандардың  негізгі  үлесі  20-29, 30-39, 40-49, 50-59 жас  аралығындағы топтарға  тиесілі болып  отыр. Экономикалық    белсенді азаматтар   арасында жұқтырылғандар - 46,9%  және жұмыс  істемейтін  азаматтар  арасында - 34,7% құрайды. Облыста жыныстық жолмен  берілуі басым: гетеросексуалды  - 182 адам (61,9%). Бұл  факті жалпы,  дені  сау  халық  арасында АИТВ-инфекциясының  таралуын  айғақтайды.  Парентералды жұқтыру жолымен- 83 адам (28,2%) (негізінен  инъекциялық  есірткі  тұтынушылар).

2018 жылдың 6 айында облыста  АИТВ-инфекциясының 27 жағдайы анықталды, оның ішінде 20-ы (74,1%)  ҚР  азаматы, 7-і (25,9%)  шетел  азаматы. АИТВ жұқтырылғандардың  22  жағдайы   81,5% - еркектер, 5 жағдайы 18,5 % әйелдер. Жасына қарай  құрамы: 20-29 жастағылар - 8 жағдай (29,6%), 30-39 жастағылар-11 жағдай (40,7%), 40-49 жастағылар - 6 жағдай (22,2%), 50-59 лет- 2 (7,4%).

Экономикалық    белсенді азаматтар   арасында  жұқтырылғандар  саны-17   жағдай (63,0%), жұмыс  істемейтін  азаматтар  арасында – 9 жағдай (33,3%), тергеу-қамауға алынғандар- 1(3,7%). Жыныстық  жолмен  берілу жолдары - гетеросексуалды - 20  жағдай (74,1%), парентералды жолмен -2 жағдай (7,4%), анықталмаған  жол- 1(3,7%).

 

ЖИТС-тың   алдын  алу  және  оған  қарсы   күрес  жөніндегі Маңғыстау  облыстық  орталығы

 

Байланыс  телефондары: 52-44-46, ішкі (111);  50-05-25

«Атамекен» ҰКП «БЖК-2020» бағдарламасының төртінші бағытының операторы болып табылады. Бұл бағдарлама аясында қолданыстағы бизнес, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау шаралары, «Бизнес мектебі», «Іскерлік байланыстар», «Ересек сеньорлар» компоненттерін оқыту, ақпараттық сүйемелдеу үшін сервистік қолдау болып табылады.

«Atameken» ҰКП «AtamekenService» порталында қаржылық емес қолдауды автоматтандыру процесін бастады.

Автоматтандыру нәтижесінде кәсіпкерлер:

- екі, үш факторлы аутентификация арқылы сәйкестендіруді анықтау мүмкіндігі;

-компьютер немесе ұялы телефон арқылы кез-келген ыңғайлы жерде, үйден шықпай-ақ сервистік қолдау, ақпараттық қамсыздандыру, оқу бағдарламаларын алуға өтініш бере алады;

- жеке кабинеттегі ақпаратты қалаған уақытта көру;

- «Атамекен» ҰКП кеңесшілері ұсынған қызметтер сапасын күшейту. Шағымдар мен өтініштер беру арқылы олардың талапқа сай әрекет етуіне ықпал жасау;

- Кез- елген сұрақ бойынша бұрынғыдай ОКП/КҚКО бару қажеттігін жоя отырып, уақытты үнемдеуге септігін тигізеді;

- Сервистік қолдау көрсетудің барлық 8 қызмет түрі бойынша кеңес алу мүмкіндігі. Бүгінде ОКП  сервистік қызмет көрсетудің толық жиынтығын ұсына алмай отыр. Автоматтандыру арқылы бұл мәселе менеджердің кеңесімен шешілетін болады.

- кәсіпкер мен кеңесші арасындағы құжаттаманы толтыру үшін қағазбастылық азаяды әрі уақыт үнемделеді.

- мемлекеттік деректер базасын біріктіру (кәсіпкер өзінің ЖСН/ БСН толтыруы жеткілікті, басқа да деректер автоматты түрде дерекқордан қосылады).

Бұл мақсатта кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан өзіне-өзі қызмет ету аймақтары ұсынылады.

Сондай-ақ, қоғамдық қызметтерге қол жеткізу пункттері (ҚҚП) іске қосылды.

ҚҚП – халық көп жиналатын қоғамдық орындарға орнатылатын терминал.  Оның көмегімен ОКП мен КҚКО ұсынатын барлық қызмет біріктіріліп, кеңесшімен қашықтықтан өзара іс-қимыл арқылы қызмет көрсетіледі.

Серіктестер