«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіби стандарттарды дайындауға жұмсалған миллиондаған теңге нәтиже бермеді

2018 жылғы 25 Сәуір
4330 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіби стандарттарды дайындау операторын анықтауды ұсынды

«Депутаттар мен ҚР Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллинге кәсіби стандарттарды дайындау және енгізу мәселесі көтеріліп отырғаны үшін алғыс білдіреміз. «Атамекен» бұл мәселені салалық министрліктер мен Үкіметтің деңгейіне бірнеше рет шығарған болатын. Ешқандай да бір-біріне сілтеу деген жоқ, біз мемлекеттік органдардың жауапкершілік аумағын күшейту туралы айтып отырмыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Еңбек кодексіне сәйкес, кәсіби стандарттарды бекіту уәкілеттігі 2016 жылы «Атамекенге» берілді. Бұл ретте стандарттарды дайындау, ауыстыру және қайта қарауды біліктіліктің салалық шеңбері негізінде жұмыс берушілер бірлестігі жүргізеді. Дүниежүзілік Банк қарызының аясында стандарттарды дайындау бойынша жобаның операторы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Биыл 70 кәсіби стандарт дайындауға қаражат бөлінді, 2020 жылға дейін 550 стандарт бекітілетін болады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың ұлттық біліктілік жүйесін құру бойынша атқарылған 6 жылдық жұмыстың тиімділігіне қатысты сауалын «Атамекен» заңды деп есептейді.

Егер өткенге көз салсақ, 2012 жылы Дүниежүзілік Банк қарызы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі 147 кәсіби стандарт әзірледі. Республикалық бюджет шеңберінде 2013 жылы – 176 стандарт, 2014 жылы – 88, ал 2015 жылы 38 кәсіби стандарт әзірленді. Бұл бағытқа 469,1 млн теңге жұмсалған.

Қазіргі таңда «Атамекен» 27 кәсіби стандартты бекітті, осыған дейін әзірленген 150-ден астам стандарт белгіленген талаптарға сай емес деп танылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП бұл мәселені тиімді шешу мақсатында кәсіби стандарттарды әзірлеу және әдістемелік сүйемелдеуге жауап беретін Қазақстанның Ұлттық біліктілік жүйесін үйлестіретін органды құруды бірнеше рет ұсынған. Әлемдік деңгейде мұндай тәжірибе бар. Мәселен, Түркияда стандарттарды әзірлеу үдерісін қаржыландырып, әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын «Кәсіби біліктілік агенттігі» (MYK) бар. Бүгінде Түркияда 750 кәсіби стандарт жұмыс істейді, 300 стандарт бойынша жұмыскерлерді аттестациялау жүргізіледі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда осындай операторды анықтауды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер