«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті

2018 жылғы 27 Ақпан
- Маңғыстау облысы
3809 просмотров

Кеше Маңғыстауда «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру үшін атқарылған шараға өңірдегі кәсіптік білім беретін мекемелердің оқушылары қатысып, бақтарын сынады

Ал, Бүгін Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың үлесін ұлғайтып, өңірді дамытуға арналған жобаларды іске асыру үшін жастардың басын қосқан додалы шараға жалғасты. Жас шамалары 18 бен 22 –гі облыстағы әр білім ошақтарынан 30-ға жуық студент бизнес жобаларын комиссия алдында қорғады. Кондитерлік өнім дайындау, жылыжай бағытын дамыту, қуат көзін тиімді пайдалану сынды Ел экономикасын дамытуға бағытталған бизнес жобалар кездеседі.

Олардың жұмысына «Шағырлы-Шөмішті», «ForteBank» АҚ Маңғыстау облыстық филалының басшылары мен МО кәсіпкерлер палатасының өкілі, «Training Akademy» мекемесінің директоры бағаларын берді. Шара барысында білім ордасынан келген қатысушылар теори мен тәжірибені ұштастырып, берілген тапрсырманы мүлтіксіз орындап шықты. Әрқайсысы бизнес жобасын презентация арқылы қорғап шықты.

Бүгінде өңір бойынша кәсіпкерлік бағытында тыңғылықты істер атқарылып жатыр. Кәсіп бастаушы тұлғаларға қолдаумен қатар мүмкіндікте зор. Бастысы ниет болса, екі қолға бір күрек қашанда табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер