«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бастаудан бастау алған бастамалар

2018 жылғы 19 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
4489 просмотров

Тиімді жоба өз жемісін беруде

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен тегін оқытылатын « Бастау Бизнес» жобасы құрылған болатын. Жас шамасын қажет етпей жаппай жұмыспен қамтуды көздеген жаңа жоба орта білімі бар, жұмыссыздармен техникалық, кәсіби мамандықты меңгерем деушілерге арналған. Аталмыш жобада кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары ұйымдастырылып, оған ең үздік білім алушыларға арнайы мемлекет тарапынан бизнес ашу үшін пайызы төмен шағын несие берілген. Осындай Бастаудан бастау алған бастамалар Жетібай елді-мекенінде  бір уақытта  ашылған шағын кафе, шаштараз және тренажер кабинеттері  ауыл тұрғындарын бір қуантты.

Жас кәсіпкер  Мерей  Бексхан  «Бастау Бизнес» жобасы нәтижесінде 4 миллион теңге қаражат алып, спорт кабинетін ашқан. Кәсіпкер спорт кабинетін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ақысыз екенін жеткізді.   

Және де шағын дәмхана ашқан жас кәсіпкер Бахтияр Мұхамбетқалиев   игілігі мол жоба арқылы  дәмхананың  қажетті құралдармен жабдықталғанын айтып,  жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қажеттілігі зор, берері мол жобада білім алуға мүмікндік берген азаматтарға алғысын айтты. Сондай-ақ,  «Бастау Бизнес» жобасы  арқылы  Жейдегүл Бекмағанбетова  қыз-келіншектерге арналған сұлулық салонын ашқан. Арманын мақсатқа айналдырған кәсіпкер 2 миллион теңге көлемінде  несие алып, әрі қарай кәсібін кеңейтпейші. Қосымша косметология студяисын ашуды көздеп отыр.

Жаңа нысандардың ашылуына жиналған қонақтармен ауыл халқы «Атамекен» ҰКП  Қарақия ауданы филиалы  директоры Қыйлымғали Көшенов Тұрсынғалиұлы мен «Бизнес трейнер» Бурханова Маржан Найзабектерге шексіз алғыстарын білдірді.

"Бұл  аталмыш жоба ең әуелі ауданның эканомикасын өркендетумен қатар әлеуметтік салалардың дамуын күшейтпек.  «Көңіл қалауы және еңбек күшімен істі бастамасаң нағыз кәсіпкер шықпайды» – дейді мамандар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер