«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шетпеде түйе етін консервілейтін цех жұмысын бастады

2017 жылғы 14 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
5078 просмотров

Түйе шаруашылығының жаңа дамуы

Ел Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында, Маңғыстау ауданының тұрғындары үшін қуанышты күн болды. Маңғыстау өңірінде бұрын соңды болмаған тың жобаның тұсауы кесілді. Шетпе ауылында түйе,қой мен жылқы етін консервілейтін цех жұмысын бастады. Енді, аймақ жұртшылығына Отандық өнім ұсынылатын болады. Маңғыстау облысындағы  "Ойсыл қарасы" ең көп аудан да осы Маңғыстау ауданы болатын.

Десекте, осы уақытқа  дейін мал өнімін өңдеп, нарыққа шығаратын мұндай кәсіпорын атымен болмаған. Енді, міне "Сегізбай Ата" ауылшаруашылық кооперативі бұл міндетті өз мойнына алып, Шетпелік кәсіпкер Мұхтар Қармысов осы кәсіптің тұтқасын ұстады. Мұнда түйе етінен бөлек, қой, жылқы, етіненде консерві шығарылмақ.

Өндірістің қуаттылығы тәулігіне – 1000 дана өнім шығаруға қауқарлы. Бағасы да қолжетімді. 480 теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Мұхтар Қармысов – «Бастау Бизнес» жобасының түлегі. "Атамекен" микроқаржы ұйымының қолдауымен ісін ашқан. Яғни, 10 млн.теңге көлемінде несие алып, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер