«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Онлайн жүйесінде сауда жаса!

2017 жылғы 16 Қараша
- Маңғыстау облысы
4456 просмотров

Онлайн жүйесінде сауда-саттықпен айналысу жаһандық экономикадағы жаңа тренд

Бұл бір жаңа сала. Қарқынды дамып келеді. Олай болса, сандарды сөйлетейік: еліміздегі электронды сауда нарығының айналымы былтыр миллиардттан асқан. Өзіңізде жақсы білесіз, онлайн сауданың көкесі – әлеуметтік желілер. Қазір кез келген адамның Инстаграмда ресми парақшасы бар, сол арқылы саудасын жүргізіп, кәсібін өрбітіп отыр. Кеше «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Зудель» және «Қазпочта» мекемесі «Онлайн арқылы әлем бойынша сауда жасау» тақырыбында бизнес-семинар өткізді. Шара электронды коммерцияны дамытып, Отандық кәсіпорындардың мобильдік қосымшасы арқылы экспорттық әлеуетін көтеруге бағытталған. Семинарда кәсіпкерлерге тауарды әлемге сатуға мүмкіндік беретін ұялы телефондағы B2C қосымшасы таныстырылды. Сондай-ақ жылдың соңына дейін, Елімізде ZoodMall.kz жаңа электронды онлайн B2C платформасы іске қосылады. Бұл өндіруші компанияларға, дилерлерге, Қазақстандық және әлемдік сауда маркаларын тұтынушыға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер Еліміздің 17 қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Негізі, электронды сауданы жүргізу Елбасының жолдауында да айтылған. Үзінді келтіре кетейін: «Елде 3D-принтинг, онлайн сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді перспективалы салаларды дамыту керек. Яғни, ғаламтор арқылы кәсіп жүргізуді ол экономикалық көрсеткішке қандай да бір септігін тигізеді делінген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер