«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Облыстағы тауар өндіруші кей кәсіпорындар өнімдерін сата алмай әлек

2017 жылғы 04 Қазан
- Маңғыстау облысы
3676 просмотров

Облыс әкімдігінде отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында сатып алу саласына қатысты өзгертулер енгізу жөніндегі жұмыс комиссиясының алғашқы отырысы өтті

Облыстағы тауар өндіруші кей кәсіпорындар өнімдерін сата алмай әлек. Мысалы, өңірдегі жалғыз Ақтау шыны пластикалық құбыр зауыты сатып алушылардың аздығынан жылдық өндіру мүмкіндігінен аз өнім шығаруға мәжбүр болса, "Сенек" ЖШС 100 пайыз табиғи өнімнен (қой жүні мен терісінен) тігілген бас киім мен киізін тек "Өзенмұнайгаз" АҚ-на ғана сатып отыр. Осындай мазмұндағы проблемамен бірнеше кәсіпкер мәселесін ортаға салды.

Отандық (облыстық) тауар өндірушілердің өнімі арзан әрі сапалы бола тұра, сатып алуға жергілікті мекемелер тарапынан қызығушылық болмай, оның орнына шет мемлекет тауарына басымдық беру азаймай тұр. Күн өткен сайын күрделеніп отырған бұл мәселенінің шешімін тауып, тығырықтан шығу жолын ұсынған "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасы енді Маңғыстау облыстық индустриялы-инновациялық даму басқармасымен бірігіп, аталмыш проблема төңірегінде жан-жақты сараптама жасап, тиісті шаралар қабылдайтын болып келісті. 

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер Палатасы (Ұсыныс): 
Ірі мұнай және басқа да шикізат өндіруші мекеме мен отандық тауар өндіруші арасында қазіргідей қысқа (алты ай немесе бір жыл) емес, бірден ұзақ мерзімді келісім шартқа отыру.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер