«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалға беру мерзімі ұзартылды

2016 жылғы 13 Мамыр
- Маңғыстау облысы
9788 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы іске кіріскенге дейін, Қарақия ауданындағы ауылдық әкімдік бизнесменге жер телімін жалға беру мерзімін созып келген

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасына «ЭКОсервис-Нефтегаз» ЖШС директоры Сергей Абуталипов жер телімін жалға алу мерзімін ұзартуға көмек берулерін сұрап жүгінді. Кәсіпкер ол жерді мұнай өнімдерінің қалдығын уақытша сақтауға, бұрғылау мен ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізгенше сұйық және қатты қалдықтарды орналастыруға пайдаланбақ болған.

Оған дейін Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімдігі белгісіз себептен бизнесменге аумағы 6 гектар болатын жер телімін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартып келген.

«Біздің араласуымыздан кейін ғана Қарақия ауданының әкімдігі кәсіпкердің өтінішін мақұлдап, Жетібай ауылының әкімдігі «ЭКОсервис-Нефтегаз» ЖШС-ға жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту туралы қаулы шығарды», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшы-заңгері Асхат Байболатов.

«ЭКОсервис-Нефтегаз» ЖШС директоры С.Абуталипов өңірлік кәсіпкерлер палатасына әкімшілік кедергіні жойғаны үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер